"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтарындағы № 14 қаулысымен құрылып, 2015 жылдың 5 ақпанында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады. Мекенжайы: 090000, БҚО, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй, 4 қабат.

Басқарма басшысы – Ахмет Наурызұлы Ғұбайдуллин

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы – Қанатжан Иманғалиұлы Айбергенов

Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы – Ғайса Бектемісұлы Тажбаев

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы – Сара Сағынтайқызы Мұқанова

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Батыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инспекциялау, лицензиялау, аттестаттау жөніндегі міндеттерді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиар функцияларын жүзеге асыру;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
5) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
6) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;
7) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
8) объектiлерді салу кезінде тапсырыс берушiнiң (меншік иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру.